jasqazaq.kz

Ерлан Қошанов елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді

07 қыркүйек 2022, 14:54


 Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов елордаға Астана атауын қайтару ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елорданың атауын өзгерту мәселесіне тоқталсақ, бұл бастама біздің депутаттардың, депутаттық топтың ұсынысы болып отыр. Бірнеше жыл бұрын елорданың атауын өзгерткеннен бастап қоғамның ішінде пікірталас әлі де толастамады. Сондықтан халық арасында түрлі пікір бар. Соның көбісі бұрынғы атауын қайтаруға қатысты», — деді Е.Қошанов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол депутаттар халық үніне құлақ асу қажет деген пайыммен елорданың бұрынғы атауын қайтару мәселесін көтергенін айтты.

«Енді, алда қандай шешім болатынын күтейік», — деді Мәжіліс төрағасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде