jasqazaq.kz

Ерлан Біләл 16,5 миллион теңге айыппұлды төлей алмады

10 мамыр 2018, 12:49

Мұхтар Әуезов атындағы драма театрының бұрынғы директоры Ерлан Біләл сот шешімі бойынша төлеуге міндеттелген 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын ғана төлеген. Енді ол соттан қалған 16,5 миллион теңгені төлеу мерзімін шегеруді сұрап, өтініш жазған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерлан Біләл 52,5 миллион теңгенің 36 миллионын төлеп, енді қалған соманы төлеу мерзімін ұзартуды сұрап, аудандық сотқа өтініш жазды», — деп пікір білдірді соттағылар. Еске салайық, биылғы ақпанда Алматының Алмалы аудандық сотында ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлге қатысты сот үкімі шығарылған еді. Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарып, бұл соманы төлеуге бір ай уақыт берген болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде