jasqazaq.kz

Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды

02 тамыз 2018, 14:28

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының жетекшісі Еркін Ізбасарға қатысты сот үкімі шықты.

Соттың шешімімен Еркін Ізбасар 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оның қылмыстық жолмен иеленген мүлкі тәркіленетін болды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді. Еске сала кетейік, «Ағайынды төртеу» қылмыстық тобының мүшелері 2016 жылдың желтоқсанында ұсталған болатын. Ал кейінірек мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың жетекшісі Ақтөбеге ҰҚК ұшағымен жеткізілген болатын. Ізбасардың аймақтағы жат ағымның жетегінде кеткен жігіттерді өз пайдасына жұмсап отырғаны белгілі болған еді. Осы атышулы іс бойынша бірінші сот отырысы 5 желтоқсанда өткен болатын. Сот алдында 26 адам келді, оның ішінде Ақтөбе қалалық ІІД басшысының бұрынғы орынбасары Рахат Аханов бар. Соттың мәліметінше, сотталушылардың басым бөлігі осыған дейін сотты болған. Үйленген, кәмелетке толмаған 2-5 баласы бар. Басты айыпталушы — Еркін Ізбасар мен оның басты серіктесі Аухат Қалиев. Олар өздерінің кінәсін мойындамаған болатын. Еркін Ізбасар 10 бап бойынша айыпталған еді.

Tengrinews.kz

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді