jasqazaq.kz

Еркенің даусымен «ән айтқан» Серік Ибрагимов елді күлкіге қарық қылды (видео)

01 қазан 2017, 15:21

Жеңіл, ойнақы ырғақты әндерімен танымал болған отандық әнші Серік Ибрагимов жақында Мақпал Исабекованың репертуарындағы әнді «ерекше» орындап, тыңдармандарын таңғалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісіндегі парақшасында қызықты видеосымен бөліскен әнші оқырмандарын күлкіге қарық қылған.

«Қалай күшті айтам ба? Егер мен емес деп ойласаңыздар, енді кім?», — деп сауал тастаған Серік.

Әншінің «жұмбағын»шешуге тырысқан тыңдармандары түрлі жауап нұсқаларын айтып, өзара пікір таластырды.

Желі қолданушыларының басым бөлігі видеоның ар жағында ән айтып отырған Ерке Есмахан екенін жарыса жазған.

Бұл туралы Еркенің өзі де парақшасында бөлісті.

«Серік Ибрагимовтің видеосын қарап көрсеңіздер: «дауыс-Ерке Есмаxандікі»,-деген жауап өте көп екен! Раxмет, менің дауысымды танығандарыңызға! Бұл менің дауысым! Сикоштай, тембріміз ұқсайды екен, негізі», — дейді «хит» әндердің орындаушысы.

 

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде