jasqazaq.kz

Еркебұлан Сейдахмет «Уфа» командасынан кетуі мүмкін

09 қазан 2018, 11:14

Қазақстандық «Уфа» шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет таяу уақытта ресейлік клубтан кетуі мүмкін, деп хабарлайды «SPORTINFORM».

«Уфа» басшылығы оның келісімшартын сатып алатын клуб болса, Қазақстан спортшысын жіберуге дайын. Сейдахмет әзірге өз командасының бастапқы құрамына іліге алмай жатыр. Бұдан бөлек, «Еркоштың» өзі алаңда емес, клубтың лазаретінде көп уақыт өткізуде. Бұл «Уфа» басшылығының көңілінен шықпай жатыр. Қазір Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасының қарамағында. Клубқа қайта оралса да командамен жаттығуды жалғастыра бермек. Алайда, «Уфа» қыста онымен қоштасуы мүмкін, себебі ол легионер болып саналады. Сондықтан, Еркош трансферге қойылуы ықтимал. Қазақстандық футболшын «Қайрат» пен «Астана» алуға ниетті. Отандық футболдың басты талантын алуға алматылықтардың мүмкіндігі басым.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді