jasqazaq.kz

Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан құрамасына шақырту алды

07 наурыз 2018, 12:01

18 жастағы ресейлік «Уфаның» қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет Қазақстан ұлттық құрамасына шақырту алды. Бұл туралы «Уфаның» ресми сайты хабарлап отыр.

«18 жастағы Еркебұлан Сейдахмет 23-наурыз күні Венгрия және 26-наурыз күні Болгария құрамасына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасына тұңғыш рет шақырту алды», — делінген хабарламады.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Станимир Стойлов та Сейдахметті жуық арада ұлттық құрамаға шақырту алатынын айтқан еді.

Айта кетейік, 23-наурыз күні Будапешт қаласында Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізсе, 26-наурыз күні Фельчут (Венгрия) қаласында Болгария құрамасымен кездеседі.

Еске салайық, Сейдахмет ақпан айының басында «Уфа» клубымен ұзақ мерзімге келісімшарт жасаған болатын. Ресей біріншілігінде «Динамо» клубына қарсы өткен ойында ол қосалқы құрамда қалды. Клубтың бас директоры Шамиль Газизовтың айтуынша, шабуылшы жаңа командасының сапындағы бірінші кездесуін жуырда өткізеді екен.

Ал Стойловтың Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғаны туралы 1-наурыз күні белгілі болды. Болгариялық маман содан соң 2014 жылдан бері жаттықтырып келген «Астана» клубынан кетті.

vesti.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде