jasqazaq.kz

Ерке Есмахан жаңа туындыда басты рөлді өзі сомдамақ (видео)

10 сәуiр 2018, 16:41

Соңғы жылдары жұлдызы жарқырай түскен әнші Ерке Есмахан кино саласында өзін сынап көруге ниеттеніп жүргенін айтқан еді. Күні кеше әнші түсірілімнің басталғанын хабарлап, алаңнан видео жолдады.
Stan.kz хабарлағандай, Ерке Есмахан су жаңа туындыда басты рөлді өзі сомдамақ. Сондай-ақ, фильмнің қаржылай шығыны продюсер ретінде Еркенің мойнында. Ал тырнақалды туындысын түсіруге Еркеге режиссер Асқар Ұзабаев көмектеспек ниетте.“Тәуекел түбі – жел қайық, Жүзесің де өтесің! Кино деген кеменің желкенін көтердік, сәттіліктің самалы серік болсын! Кеменің капитаны: Асқар Ұзабаев. Капитанның оң қолы: Гүл апше, Гүлнұр Мамасарипова. Мен енді тек әнші, жүргізуші емес, Алла қаласа, продюсер және актриса болғалы тұрмын. Осы жолдағы алғашқы жоба – кино.
Мен тек ата-анамның емес, бүтіндей қазақ деген xалықтың, Сіздердің қыздарыңыз екенімді толық түсінем. Өйткені, әр адам қатал сынды да, ең ізгі тілекті де өз баласына тілейді. Күн сайын Өздеріңізден сондай тілек-ниет, сын-пікір алып, бәрін түйсігіме жинап жүрмін. Мен өсіп жатсам, ол Сіздердің баталарыңыздың арқасы деп білем! Жаңа жұмысыма да сәттілік тілеп қойсаңыздар екен, жандарым! “Арық сөйле, семіз шық” демекші, сөзімнен ісімнің ірі болғанын қалаймын. Кішкене уайымдап тұрмын”, – деп бөлісті Ерке өзінің инстаграм парақшасында. Айтпақшы, Ерке белгілеген хэштегке қарасақ, фильм “Кафе Махаббат” деп аталуы бек мүмкін.

Тәуекел түбі — жел қайық, Жүзесің де өтесің!🙏 Кино деген кеменің желкенін көтердік, сәттіліктің самалы серік болсын! Кеменің капитаны: Асқар Ұзабаев @askar567cl Капитанның оң қолы: Гул апше @gulnur_mamasaripova Мен енді тек әнші, жүргізуші емес, Алла қаласа, продюсер және актриса болғалы тұрмын.☺️ Осы жолдағы алғашқы жоба — кино.😊 Мен тек ата-анамның емес, бүтіндей қазақ деген xалықтың, Сіздердің қыздарыңыз екенімді толық түсінем. Өйткені, әр адам қатал сынды да, ең ізгі тілекті де өз баласына тілейді. Күн сайын Өздеріңізден сондай тілек-ниет, сын-пікір алып, бәрін түйсігіме жинап жүрмін. Мен өсіп жатсам, ол Сіздердің баталарыңыздың арқасы деп білем!😘 Жаңа жұмысыма да сәттілік тілеп қойсаңыздар екен, жандарым!❤️ «Арық сөйле, семіз шық» демекші, сөзімнен ісімнің ірі болғанын қалаймын.. Кішкене уайымдап тұрмын.😓 #кафемахаббат

Публикация от Ерке Есмаxан (@erke_esmahan)

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді