jasqazaq.kz

Ерке Есмахан пародия жасады (видео)

23 ақпан 2018, 10:32

Осыдан бірнеше жыл бұрын Ерке Есмахан отандық “Жұлдызды дода” бағдарламасына қатысып, өзін жаңа қырынан танытқан еді. Ол танымал әншілерге пародия жасаған-ды. Алайда ол шақта Еркенің атағы қазіргідей болмағандықтан, жоба барысында жұрт әншіге аса назар аудармады, деп хабарлайды stan.kz.

Есесіне бүгінде тыңдарманның Еркенің шығармашылығына деген қызығушылығы жоғары. Жұрт бірнеше жыл бұрын болған жоба видеоларын енді қарап, түрлі пікірлерін білдіруде.

“Мен сізді танымай қалдым. Атыңызды жазғаннан кейін де күмәнмен қарадым, толық болған екенсіз, домалақ бет те әдемі жарасады екен”, “Ерке жарайсың, мен қайта-қайта көрдім. Қазақтың маңдайына біткен қызсың”, “Мүлдем өзіне ұқсамайды ғой”, – деп таңғалысты жұрт.

Өзгелер Еркеге грим салынғанын айтып, әншіні ақтаумен болды.

Айтпақшы, жобадан алынған үзіндіні күні кеше әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

Айта кетейік, Ерке “Жұлдызды дода” шоуында Роза Бағлановадан бөлек, Мәдина Ералиева, Гаухар Әлімбекова, Салтанат Бақаева сынды өнер иелеріне пародия жасаған.

https://youtu.be/zw7vQbH9OuE

31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам
31 наурыз, 14:23
Есірткі кеселімен күрес – ортақ міндет
31 наурыз, 14:14
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – басым бағыттың бірі
30 наурыз, 16:02
Күрежолды дамытудағы жаңа бағыт
29 наурыз, 12:17
Көмір генерациясы – өңірлердің даму драйвері
27 наурыз, 20:32
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр