
Ерке Есмаханға операция жасалды. Әнші үйіне оралғанын жазды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.
Еркенің айтуынша, ота сәтті жасалған. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында айтты.
«Ота жасату керек» дегенді дәрігерлерден естігенде, бірінші ойыма Муслим түсті. Сол баламды асыраймын деп шауып жүргенімде, қызығын көре алмай қаламын ба деген жаман ой келді.
Қорыққанға қос көрінеді демекші, қорыққан сәтте небір ой болады екен.
Алла мейірімді ғой, ота сәтті жасалды. Шүкір! Сіздердің дұғаларыңыз қабыл болды», — дейді әнші.
Ерке Есмаханға қазір үйде екенін жазып, оған тілекші болған барша адамға алғыс айтты.
«Рамазан айында еселеп қайтсын деп сұраймын. Алла баршаңызға денсаулық берсін, ауызбіршілік, молшылық, береке берсін. Сәби аңсап жүргендерге сәби берсін! Үйлі, күйлі болыңыздар!
Маған ауырған жараспайды екен. Енді ауырмайтын жол іздеу керек», — деді ол.