jasqazaq.kz

Ерке Есмахан Мальдивке барып, Қайрат Нұртасқа тосын сый жасады (Видео)

28 ақпан 2022, 10:50

Қайрат Нұртастың биылғы туған күні ел аузында ұзаққа дейін қалары сөзсіз. Жанына 30 адамды жиып, Мальдив аралдарына аттанған әнші тағы да елді шулатты. Бұл жолы жұрттың талқысына хитменнің әріптесі Ерке Есмахан себепкер болды. Ол Мальдив аралдарына барып, Қайратқа тосын сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz.

Күтпеген тосын сыйдың кадрларымен Гүлзира Айдарбекова бөлісті.

«Досы, әріптесі Ерке Есмахан бүгін ұшып келіп, концертте тосын сый жасады. Туған күннің гүлі болып келіп қалған Еркеша, рахмет саған. Қуанып қалдық, шок болдық. Мұхит асып келіп тұрған жүрегіңнен айналдым, аналық тілегім мол. Өнердегі келіп тұрған жалғыз досы. Еркежан жұлдызың жансын! Биіктен көрін!

Бұл жақсылығыңды ұмытпаспыз. Қайрат ешкімнің жақсылығын ұмытқан емес. Енді сен үшін ол Африкаға баруға дайын», — деп жазба қалдырды Қайраттың анасы желідегі парақшасында.

Ерке Есмахан Қайрат Нұртасты барша әріптестерінің атынан құттықтады.
«Қуанышыңды бөлісуге келіп қалдым», — деген ол Қайратпен бірге өзінің репертуарындағы «Аэропорт» әнін орындады.

Желі қолданушыларының бір тобы сыйластығы жарасқан әріптестерге тәнті болса, екінші тобы Еркенің орнына әншінің жұбайы Жұлдызды көргісі келетіндерін жазды.

«Жұлдыз қайда? Күйеуінің туған күнінде Жұлдыз емес, қасында Ерке жүр ғой», — деп жазды оқырманның бірі.

«Жұлдыз келсе де, келмесе де, Ерке келуші еді құттықтап. Жақсы араласамыз, қызымдай болып кеткен. Ешбір қызығымнан қалған емес», — деп жауап берді Гүлзира Айдарбекова.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр