jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар!

06 қараша 2024, 14:15

Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіге өзіне қатысты жағымды пікір қалдыратын жандарға жазба арнады.

“Кеше ерінбей концерт туралы жазылып жатқан пікірлерді шолып шықтым. Концертті жақсы өтті деп жазып қана қоймай, жаңа деңгей деп те бағалап жатыр екен. Жолдасым үшін риза болдым. Еңбегі ақталды. Мақсаты орындалды. Бірақ байқағаным ол емес. Байқағаным, біздің жұбымыз бен отбасымызды жақсы көретін адамдардың көбейгендігі. Бұрынғыдай қабылдай алмау, шеңберден шықпау деген түсінік жоқ. Еркектің сөзіне, жасына емес, жасаған ісіне мән беруді түсініпті. Ал, әйелдің әдемілігі ұштасса, бәрі керемет болатынын жазыпты. Бұрынғыдай жаман пікір мен хейт жоқтың қасы. Бақыт тілеп, сүйсініп, бата беріп жатқандар көп. Дегенмен, арасында өз өмірлеріне өкпелі жандар да табылады. Ауыр-ауыр сөздер жазып, жеңіл мазаққа жазатындар да жоқ емес. Жанашырларымыз бір жаман пікірге бізді жақтаған 10 жауап қайтарыпты. Соны оқып, гүл-гүл жайнап отырмын”, – деді әнші.
Сондай-ақ әнші бір-бірін күндеп отыратын адамдарға өмірдің қысқа екенін еске салды.
“Жандарым, мына жалған өмірге келеміз де кетеміз. Болмайтын дүниеге уақыт құртпаңыздар! Фокус тек өзіңізде болсын. Ештеңеден қорықпай өздеріңіз махаббат, бақыт, тыныштық үшін күресіңіздер! Қиындау болып жатса, мені естеріңізге алыңыздар! Мен де бәріне бірдей қол жеткізген жоқпын. Мен сендерге үлгімін. Құшақтадым”, – деп жазды өнер иесі.

JQ-Aqparat

28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді