jasqazaq.kz

Ерке Есмахан: AZ екеуміздің баламыз 9 жаста

29 сәуiр 2021, 15:33

Ерке Есмахан пен Азамат Зенкаев соңғы кезде арақатынасын ашық мойындап жүр. Қос әнші көпшілік алдында да сезімдерін білдірді. Ерке Есмахан желіде сүйіктісі жайлы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.

Ерке Есмахан 36 жаста. Ал сүйіктісі Азамат Зенкаев өзінен 9 жас кіші. Алайда қос әнші үшін жас айырмашылығы кедергі емес.

«Кім айтты Азаматты кішкентай бала деп. Ер адам жаc болса да, ересек болу керек. Оның жасындағы балалардың 2-3 баласы бар. Ал Азамат екеуміздің бірден баламыз болады. Ол тоғыз жаста», — деді Ерке.

Әншінің айтуынша, Азамат Зенкаевтың жанкүйерлері екеуінің қосылуы қарсы. Сол үшін небір хат жолдайтын көрінеді.

«Алла, менің бақытымды көре алмай жүргендерге бақыт жіберші. Менің бақытымды ұмытса екен», — деп жазды Ерке Есмахан.

Желі қолданушыларының кейбірі бақыт тілеп, құттықтап жатса, енді бірі түсінбестік танытты.

«Қалайша жас балаға тұрмысқа шығасың? Сенің теңің емес қой. Сенің бір балаң бар?», «Жас айырмашылықтары үлкен емес пе?», «Әркім өзі біледі ғой», «Кейін өкініп жүрмесе болды», «Ерке жас көрінеді, жас айырмашылығы байқалмайды», «Бастысы, бірге мәңгі болса болды, қалғаны маңызды емес», Ертең махаббатрың баянсыз болып жүрмесін», «Ерке, бақытты болшы»- деп жазды олар.

Бұған дейін Азамат Зенкаев Ерке Есмаханмен бірге тұрып жатқанын айтып қалды.

Дереккөзі: stan.kz

11 қыркүйек, 10:49
Алматыда жаңа кітап беру пункті ашылды
09 қыркүйек, 14:41
КЛАССИК
08 қыркүйек, 14:32
Берік Төлеуов: Шымкентте жедел медициналық көмектің сапасы мен жеделдігі арттырылуда
07 қыркүйек, 16:47
Мауия Алданазарова: Шымкентте аға буынға белсенді өмір сүруге жаңа мүмкіндіктер жасалуда
02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды