jasqazaq.kz

Ереже 800 мың рет бұзылды

24 қыркүйек 2021, 11:30

Елордада орнатылған «Сергек» камералары 800 мыңнан астам ереже бұзу дерегін тіркеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шөпеков мәлімдеді. Оның айтуынша, қала бойынша 6  мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылыпты.

Ол: «Апта сайын саптық б6лімшелер мен учаскелік инспекторлар «жаяу жүргінші» жедел-алдын алу шарасын жүргізеді. Әсіресе апат болу қаупі жоғары орындар бақылауда. Мәселен, жыл басынан бері 14 мыңнан астам жаяу жүргінші ереже бұзды. Бұл 6ткен жылдың к6рсеткішінен екі есеге артық. Барлық қабылданған шараларға қарамастан, жаяу жүргіншілердің тәртібіне қатысты мәселелер шешілмей келеді. Ереже бұзушылармен профилактикалық жұмыс, негізінен, тіркеу камераларының к6мегімен жүргізіледі», – деді.

Басқарма басшысының айтуынша, жыл басынан бері 800 мыңнан астам ереже бұзу фактілерін тіркеліпті. Оның ішінде жылдамдық режимін бұзу – 406 мың, белгілердің талаптарын елемеу – 384 мың, бағдаршамның тыйым салатын сигналына 6ту бойынша – 914 оқиға анықталған. Сонымен бірге спикер жаңа оқу жылы қарсаңында қалалық Полиция департаменті жалпы білім беретін және мектепке дейінгі оқу орындарына жақын к6шежол желісіне қосымша тексеру жүргізілгенін атап 6тті. Бұл тексерумен 94 мектеп, 100 мектепке дейінгі мекеме және 11 қосымша білім беру мекемесі 6тетін автожол учаскелері қамтылған.

Айдос Құсайынұлы

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия