jasqazaq.kz

Ереуілге шыққан мұнайшылардың талабы орындалатын болды

02 ақпан 2021, 10:36

Ақтөбе облысында ереуілге шыққан мұнайшылар мәмілеге келді. Компания басшылары олардың қойған талаптарын орындауға уәде берді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Қытай инвесторларына қарайтын Көкжиде кенішіндегі «КМК-Мұнай» компаниясының жұмысшылары тура жеті күн бойы жұмысқа шықпай қойды. 200-дей адам жалақысын жүз пайызға өсіруді талап еткен. Алғашқыда басшылары айлықты тек жиырма пайызға көтеруді ұсынған. Оған мұнайшылар келіспеді. Кейін осы ұсыныстың өзін қанағат тұтыпты. Ал үш күн бұрын бұрын ереуілге шыққан Бәшенкөл кенішіндегі «АМК-Мұнай» компаниясы жұмысшыларының да дегені болды. Корейлік инвесторлардың тапсырысын орындайтын бұл компания қызметкерлері осы күнге дейін небәрі 67 мың теңге айлық алып келген. Енді жалақыларына 40 мың теңге қосылып, наурызда жаппай сыйақы алатын болды. Одан бөлек, үш айдан соң компания басшылары шартты жаңартып, жалақыны қайта өсіруі тиіс.

Саламат Аманбаев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы:

— Ақпаннан бастап, үш ай ішінде осы компаниямен бірге шарттары тоқтатылады. Сондықтан жаңа шарт жасалғанда келіскен уақытта осы жалақы мәселесі қаралады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде