jasqazaq.kz

Ерекше той: Көкпар тартылып, балуандар белдесті

02 мамыр 2018, 10:54

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылында үйлену тойы кезінде көкпар тартылып, ат жарыстырылып, балуандар белдесті.

Жангелдин ауылында Темірбек пен Қымбаттың үйлену тойы ерекше өтті. Той кезінде мектеп оқушылары арасында қазақ күресі ұйымдастырылды. Ал ересектер арасында түйе балуандар белдесуі, тай жарысы мен көкпар тартысы тәрізді ұлттық ойын түрлері өткізілді.

Оқушылар арасында өткен қазақ күресінде Атанияз Дәлубайдың бағы жанса, екінші орынды Ақжол Жәрдемғали, үшінші орынды Нұрхат Жылқыбаевқа иеленді.

Ал ересектер арасында Нұрбек Егінбаев жеңіске жетіп, «Түйе балуан» деген атаққа ие болды.

Мұнан кейін ат жарысы өткізілді. Тартысты додада Азат Рашидтің аты бәйгеден озып келді.

Сондай-ақ, көкпар тартылып, ойын тартысты өтті. Көкпарға 3 команда қатысып, нәтижесінде «Сұңқар» тобы жеңді.

«Біз достарымызбен ақылдастық. Мұндай шараны халқымыздың салт-дәстүрлерін, ұлттық спорт түрлерін, салауатты өмір салтын насихаттау үшін ұйымдастырып отырмыз. Біздің ойымызша, ұлттық спорт ойындарын белгілі бір мерекелерде ғана емес, түрлі тойларда, ас берулерде ұйымдастырып тұруға болады. Сонда жеткіншектердің ұлттық спорт ойындарына деген қызығушылығы арта түседі», – дейді ерекше тойды ұйымдастырушы Асхат Есенқұлов.

Дереккөз: ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде