
Ақмола облысында кеніш жүргізушісін тоқ соғып көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің дерегі бойынша, оқиға 2018 жылғы 14 тамызында Ерейментау ауданындағы кеніш аумағында болған. Бұл туралы участок басшысы телефон арқылы хабарлаған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «Howo» көлігінің 1985 жылы туған азамат кеніш аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде көлігімен электр сымдарын қағып кеткен. Кейін көлігінен шыққан кезде оны тоқ соққан», -деп түсіндірді ІІД баспасөз хатшысы Гүлнар Пинчук. Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты соттық медициналық сараптама тағайындалды.