jasqazaq.kz

Ердуан Қырымның Ресейге қосылуын мойындамайтынын мәлімдеді

10 қазан 2017, 10:12

Түркия президенті Тайып Ердуан Түркияның Украинаның егемендігін қолдайтынын және Қырымның «заңсыз аннексиясын» мойындамайтынын мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. Бұл мәлімдемені ол Украина президенті Петр Порошенкомен Киевтегі өткен екіжақты келіссөздердің қорытындысы бойынша брифингте жасады. «Порошенкоға Түркияның Украина егемендігін, территориялық тұтастығын, оның ішінде Қырымды және саяси консолидациясын қолдауды жалғастыратынын тағы да айттым», — деді ол. Сондай-ақ, Ердуан украин әріптесімен кездесуде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі бойынша үйлестіруге келіскенін айтты. «Біз елдерімізге қатысты халықаралық аймақтық мәселелерді талқыладық, оның ішінде Қара теңіз аймағындағы қауіпсіздік мәселесі де бар. Досымыз екеуміз (Порошенкомен) осы мәселеде үйлесе отырып әрекет етуге келістік», — деді Ердуан Порошенкомен бірге өткен мәслихатта. Қырым 2014 жылдың наурызында жартыаралда өткізілген референдумнан кейін Ресейдің аймағы болып танылған еді, сол кезде Қырым республикасының сайлаушыларының 96,77 пайызы және Севастополь тұрғындарының 95,6 пайызы Ресей құрамына енуді қолдап дауыс берген болатын.

Tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде