jasqazaq.kz

Ердос Қанаев бес жыл жоғалтып алған сүйіктісін қалай тапқанын айтты

24 қантар 2018, 12:40

Жігіттер квартенінің әншісі Ердос Қанаев өмірлік жарымен алғаш қалай танысқанын Еуразия арнасына берген сұхбатында айтты. Әнші алғашқы таныстықтарынан кейін сүйіктісін жоғалтып алып, арада бес жыл өткен соң қайта тауып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

«Келіншегімнің есімі-Айдана. Ол кісімен 2004 жылы Ақтөбеде қонақта таныстым. Адам баласының өзінде іштей сезім болады ғой. Менде оны бір көргенде: «Осы қыз менің өмірлік жарым болады-ау» деген сезім туындады. Ең әуелі маған ол кісінің қарапайымдылығы мен көп сөйлемейтіндігі ұнады.
Біздің өміріміз Ескендір Хасанғалиев ағамыз бен Дарико апайымыздың өміріне қатты ұқсайды. Ол кісілерде басында танысып, жолығып жүрген. Кейіннен бес жылдай бір-бірін жоғалтып, қайтадан іздеп тапқан. Менде де сондай жағдай. Мен ол кісіні жоғалтып алдым. Хабарласпай кеттік, оның тұрғылықты жерінде білмейтін едім. Қазіргідей интернет жоқ»,-деді әнші.
Ердос жары Айдананы бес жылдан кейін туған қайын атасы арқылы тауып алған.

«Сонымен бес жылдан кейін мен оны қайта таптым. Менің екінші әкем, яғни, қайын атам продюсеріміз Ерғали Әбдірайымовтың досы екен. Кейіннен сол кісі арқылы шығып, себебін жасадық қой. Аллаға шүкір, тапқан соң қайтып жоғалтып алмайтындай бекем ұстадық. Тағы да іздеп жүретін бес жыл уақыт жоқ деп сөз салып, ата-анасының рұқсатын алып отбасылық өмірді бастадым»,-деді Ердос сұхбат барысында.
Бұған дейін топ әншісі Айдар Тұрғанбек екінші жарымен үш ақ рет кездескенін айтқан еді. Ердос та Айданамен көп кездеспедік дейді.

«Біз 2009 жылы отбасын құрдық. Өзімде келіншегіммен көп кездеспедім. Екінші көргеннен алдым (күліп). Келіншегімнің ата-анасы бес уақыт Алланың парызын орындап жүрген кісілер. Сондықтан мен бірінші анасына қарадым, ол кісі өте тақуа жан. Кейде шалыс басып қалатын жерлерім де бір жағы ұстазым, бір жағы екінші анам болып отырады»,-деді әртіс.
Айта кететіні, Ердос бүгінде үш баланың әкесі. Әншінің айтуынша, жары үйде бала тәрбиесімен айналысады.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды