jasqazaq.kz

Ердос Қанаев 9 жыл жасырған ұлының құпиясын ашты

04 қазан 2019, 14:52

Ердос Қанаев алғаш рет тоғыз жыл бойы жұрттан жасырып келген құпиясын бөлісті. Айтуынша, бүгінде өзінде бар даңқ пен дәулет бір баласының тырнағының ұшына татымайды.

«Алла баламен сынамасыншы» дейді көбісі жайнап жүрген әншінің көзінде мұң барын байқамады. Жанары жасқа толып отырып әнші алғаш рет көпшілікке сырын ақтарды.

«Алғаш рет ата-ана болдық деп қуанып жүрдік. Бірақ үлкен баламыз сынақпен келді. Ауыр диагнозбен туып, екі айға дейін вакуумде жатты. Жалпы қуанышымыз ұзаққа созылған жоқ. Бала өмірге келді деген кезде қатты қуандық та, артынан жаңағындай жағдайды естігеннен кейін екеуімізге қатты соққы болды. Біз екі жас бас қосса болды, бала өзінен өзі дүниеге келе береді деп ойлаймыз. Бірақ біздің басымызда ондай болған жоқ. Баламыз үлкен сынақпен келді», — дейді Ердос Қанаев.

Бірақ қос ғашық сынаққа сынбады, төтеп бере білді. 9 жыл бұрын «Жүрегі тоқтады» деген дәрігерлердің сөзін құлаққа ілмей балаларын әлі арқалап келеді.

«Қазір 9 жаста. Маған көп адам Instagram желісінде «Үлкен балаңызды неге көрсетпейсіз? Төрт балам бар дейсіз, бірақ біреуі қайда?» деп жазады. Осы күнге дейін біреуге тіс жарып айтпаппын. Үлкен ұлымыз үлкен сынақпен келді. Алланың сынағы деп қабылдаймыз. Жалпы аурухана мен үйдің арасында жүргенімізге 9 жылдың жүзі болды», — деді әнші.

Жер жарған атақ та, даңқ та, бақ пен дәулет те бір ұлымның тырнағына татымайды, дейді Ердос. Тағдырдың қаншалықты тауқыметі болса да, соншалықты баласына таудай көлеңкесін түсіруде. Тұңғыштарының соңынан тағы сәби сүйді.

Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда