jasqazaq.kz

Ерболат Досаев Қазақстандағы инфляцияға қатысты болжам айтты

14 қыркүйек 2021, 10:38

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында сыртқы қаржы және тауар нарықтары мен ішкі экономиканың тамыздағы ахуалы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұтыну нарығындағы теңгерімсіздік аясында әлемдегі инфляцияның өсуі жалғасып отыр. Әлемдегі жоғары іскерлік белсенділік аясында тауарларға сұраныстың артуы бағаның өсіміне әсер ететін ұсыныс мүмкіндіктерінен асып түсуде. Нәтижесінде инфляциялық процестер тұтыну нарығында сақталып отырған теңгерімсіздіктер аясында дамыған елдерде, сол сияқты дамушы елдерде де бұрынғысынша жеделдей түсті», — деп бастады ол сөзін. Айтуына қарағанда, азық-түлік нарығындағы теңгерімсіздік инфляцияға ерекше әсер етіп отыр. «Биылғы тамызда 2 ай баяулағаннан кейін әлемдегі азық-түлік бағасы қайта өсуін жалғастырды. ҒАО тізбесіндегі азық-түлік бағаларының индексі жылдық көрсеткіште 32,9%-ке ұлғайып, 127,4-ке жетті. Бұл қант, өсімдік майлары мен дәнді дақылдар бағасының айтарлықтай көтерілуіне байланысты орын алды», — деді Ерболат Досаев. Ұлттық банк төрағасы бидай өндірісінің нашарлауына байланысты дәнді дақылдардың әлемдік баға индексі 129,8-ге дейін, өсімдік майларының әлемдік баға индексі 165,7-ге дейін өскенін айтады. «Салдарынан қанттың әлемдік баға индексі Бразилиядағы құрғақшылық салдарынан 2017 жылғы ақпаннан бастап ең жоғарғы баға – 120,1-ге дейін өсті. Азық-түлік нарығында сақталып отырған теңгерімсіздік әлемдегі, тиісінше Қазақстандағы инфляция динамикасына теріс әсер етуді жалғастырады», — деді Ұлттық банк басшысы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде