jasqazaq.kz

Ерболат Беделханның әйелі христиан дінін ұстанғанын мойындады

05 наурыз 2020, 11:12

Отандық танымал продюсер Ерболат Беделханның жары ел күтпеген мәлімдеме жасап, көпшілікті таңғалдырды. «Дауыс Intеrnational» тобының бұрынғы мүшесі Асыл Айдар кезінде шоқынып, христиан дінін қабылдағанын мойындады. 90 жылдары ата-анасы ажырасып, басынан ауыр кезеңді өткерген өнер иесі жұбатуды шіркеуден тапқанын да жасырмай айты деп жазады NUR.KZ.

Instagram парақшасында естеліктер жазуды әдетке айналдырып алған Асыл Айдар кезекті жазбасында алғаш рет өзінің мұсылман емес екенін жайып салды. Ол ата-анасының ажырасуы оған аса ауыр тигенін алға тартып, анасы екеуі шіркеудің арқасында күйзелістен шыққанын айтты.

«Қарағандыда біз үш қыз болып өстік. Махаббат пен шаттыққа бөленіп жүрдік. Алайда, мен анамның жалғыздық күйін кешіп жүргенін түсіндім. 1991 жылдары ажырасу деген үкім іспетті қабылданған еді. Ажырасу бұрыс әрі ұят нәрсе болған. Көпшілік, оның ішінде туысқандар да ажырасқандардан теріс айналып кететін. Құрбылар тіптен, бір мезетте жоқ болып кетуге бейім.
Тоғыз жасымда мен үшін әке сөзінің мәні кетіп қалды. Мен оны тек маған ұқсайтын адам ретінде ғана қабылдадым. Сонымен қатар, түсімде жиі көре бастадам. Нәтижесінде біз Сатпаевтан Қарағандыға көшіп кеттік. Сол кездегі анамның мөлдіреген көздерін ешқашан ұмытпаймын. Ол бізді өзінің ақкөңілділігі мен қамқорлығына бөлеп, барлығының орнын басты. Оған оңай болған жоқ.

Алайда, жоғарғы күштер әрдайым көмекке келетінін ұмытпаңыз. Бір күні анам жүрегіндегі жараны, жалғыздық пен қорқынышты жоқ қылу үшін көшеде серуендеп жүріп, үлкен шіркеуді көріп қалды. Оның сөзінше, ол жерде бәрі бір-бірін құшақтап, күлімсіреп жүрген. Кейіннен анам өзін сол жерден тауып, оның артынан ілесіп біз де бардық. Негізі, маған ол жерде бәрі ұнады.
Шіркеудегі билер, әндер мен құлшылық ету мүлдем басқаша әсер қалдырады. Кейін мен сол шіркеуде шоқындым. Бұл өз алдына тағы бір сынақ болған. Біз бұл жөнінде ешкіге айта алмадық. Алайда, дайындықтардың бір кезінде Ерболаттың достарының бірі менің христиан дінінің өкілі екенімді біліп, маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Ол Ерболатқа бар шындықты айтып бермек болып қорқытты. «Ол білген бойда сені қуып шығады. Себебі, ол діндар адам, бес уақыт намаз оқитын адам. Оған мұндай қыздар мүлдем ұнамайды» деді ол маған» , — деп жазған Асыл Айдар.

Естелігімен бөліскен продюсер бұл жайтқа қарамастан, Ерболат Беделханмен қарым-қатынасын сақтап қала алмағанын айтты.

Алайда, бүгінгі күні Асыл Айдар ешбір дінге жатпайтынын мәлімдеп, өзін еркін адам санайтынын айтты.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

#МоиМемуары #5 В Караганде мы росли, три девочки, дружно, в любви и согласии. Но, я понимала что мама очень одинока.В те 1991 годы «развод» такого слова не было. Даже если кто-то подумал бы об этом, это считалось ненормальным, постыдным, отворачивались все родственники, чуть ли ни как от чумы разбегались подруги и знакомые мамы.Мне было почти 9лет когда слово «папа» для меня потеряло фундамент, только могла про себя произносить, и часто видеть во сне… Папа для меня был человеком, наверное, похожим на меня…как говорят, родственная душа… Всегда, даже сейчас вспоминаю его фразы: — Кто тебя обидел? В школе? Я пойду и взорву школу, только скажи! Я их любила одинаково… Мне кажется и мама очень скучала по нему в те годы… Так мы переехали с Сатпаева в Караганду. Я помню наш первый вечер в гостинице, с чемоданами, сестренке было 5 лет, и я впервые попробовала тушенку, после долгой и холодной дороги мне показалось, что эта еда самое вкусное что я когда-либо ела. Не забуду, мамины большие и грустные глаза. Но, мама смогла заменить всех собой,своей добротой и заботой. Ей было не легко… Но, всегда, Высшие силы помогают, и мы были не исключение. Однажды, мама шла куда глаза глядели, чтоб заглушить ту боль, пустоту и страх, и увидела Церковь. По словам мамы, все друг друга обнимали, улыбались и ей захотелось к ним. Вскоре, там она себя нашла, и мы следом начали ходить туда. Мне лично очень нравилось там, пение хвал, танцы, служение и толкование Библии Пастыром.И я приняла крещение в этой церкви. Это было еще одним испытанием. Нам было не принято об этом говорить, чтоб никто не узнал. Ни о чем не подозревая я пришла на репетицию. Неожиданно для меня, сразу один из братьев Ерболата выпалил обвинения в мой адрес. Они узнали что моя вера была христианская. Пошли угрозы: -» Вот, когда Ерболат узнает это, он тебя выгонит. Он сам читает намаз и ненавидит таких как ты». Я помню свое состояние. Сильно сжалась, страх овладел мной, казалось что перестала дышать.Чуть позже зашел Ерболат в хореографический зал… Без колебаний и промедлений, они ему выдали новость. Ерболат опустил голову, посмотрел коротким взглядом на меня и сказал нам: -«Кеттік, дайындалайық»! Ставьте❤

Публикация от Assyl Ana (@assyl_aidar)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде