Ербол Назарбаев Антикорда арнайы департамент басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті. «Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеоға байланысты мынаны хабарлаймыз: 2022 жылғы 26 қаңтарда агенттік төрағасының бұйрығымен Е. Назарбаев агенттіктің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды» делінген хабарламада. Ал 2022 жылғы 14 сәуірде ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан шығарылған.