
Мемлекет басшысы Ербол Қарашүкеевті Ауылшаруашылығы министрі етіп тағайындады.
Қарашүкеев Ербол Шырақпайұлы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын, — делінген Ақорданың хабарламасында.
Ербол Қарашүкеев 1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ бітірген (1997), заң бакалавры; әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ Экономика және құқық институты (1999), экономика магистрі.