jasqazaq.kz

Ералы Тоғжанов жаңа қызметке тағайындалды

11 ақпан 2020, 20:35

Ералы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Тоғжанов Ералы Лұқпанұлы 1963 жылы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Жоғары білімді: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде (1983-1988 жж.), Құқықтану.

ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институты (1991-1994жж.), заңгер.

Кеңес одағының әскер қатарында қызмет етті.

1991 жылдан 1998 жылға дейін Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында оқытушы.

1994-1996 жж. ҚР Ғылым Академиясының Мемлекет және құқық институтында ғылыми қызметкер.

1996 жылдан бастап Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік қызмет және халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, декан орынбасары қызметін атқарды.

1994 жылдан бастап аталған университеттің халықаралық құқық факультетінің деканы болды.

1999 жылы филиал деканы, 2001 жылы Астана қаласының Қазақ гуманитарлық заң университетінің Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры болып тағайындалды.

2001-2006 жж. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006-2008 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Дін істер комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

2008 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Президенті Өкімімен Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2017 жылдың наурызында Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

2019 жылдың қыркүйегінде Кәсіподақтар федерациясының төрағасы болды.

Мемлекеттік марапаттары және құрметті атақтары бар. 2 деңгейлі «Достық» ордені және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия