jasqazaq.kz

Ер азамат әйелін супермаркетте пышақтап тастаған

18 қараша 2021, 14:27

Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін өлтірді, оқиғаның мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кеткен. Оқиға Наурызбай ауданындағы супермаркеттің бірінде болды.

«Келушілер қан-жоса болып жатқан әйелді көріп, полиция шақырған. Ерлі-зайыптының таңертеңнен бері телефон арқылы жанжалдасқаны белгілі болды. Ер адам әйелімен сөйлесу үшін оның жұмыс орнына келген», — дейді полициядан.

Ерлі-зайыпты ажырасу процесіне байланысты бірнеше айдан бері жанжалдасып жүрген. Әңгіме барысында жағдай ушығып, ол әйелді пышақтап тастады.

Ер адам кінәсін жоққа шығармады. Күдікті қамауға алынды.

Бұған дейін Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылғанын хабарлады.

Қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы («адам өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде