jasqazaq.kz

Ер адамның орнына әйелдің мәйітін беріп жіберген

09 қыркүйек 2021, 17:31

Алматы облысында пандемия кезінде жерлеу рәсімін ұйымдастыратындар мерт болған адамдардың мәйітін шатастырып берген.

Бұл оқиға өткен жылы жазда, коронавирус пандемиясының өршіп ұрған кезінде болған. Отбасының басшысы коронавирустан көз жұмады. Жерлеу тобы денені көму үшін оны жуындырып, арнайы қабір киімін кигізіп, денені зиратқа апаруы керек болған. Бұл үшін біраз қаражат төленген. Оқиға туралы отбасының жақын досы айтып берді.

Алайда, туыстары қаппен марқұмның өзін әкелгеніне күмәнданып қалады. Себебі, мәйіт салынған қап тым кішкентай болған. Ер адам екенін анықтау үшін қапты оның досы ашып тексереді.

Күдік расталып, кебінге оралған адамның белгісіз әйел екені анықталады.

“Әйелдің үстіне басы қанға боялған. Жерлейтіндер мәйітті шатастырмағанмен қоймай, оны тіпті жумаған. Туыстары денелердің ауысып кеткенін тез анықтады. Шатастырып бізге әкелген әйелдің жақындары оларға берілген мәйітті жерлеп тастаған. Қабірді қайта қазып, жаназа намазын қайта оқуға тура келді. Имам жағдайды түсініп, дұғасын қайта оқыды”, – дейді оқиға куәгері.

Жерлеушілер бұл жағдайды жауапты адамның ішіп алғанымен түсіндірді. Қазір туыстары бұл оқиғаны ұмытуға тырысуда. Ешкімді сотқа бермеген. Алайда куәгер бәрін сақ болуға шақырады. Бұл туралы ЭК басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Осыған ұқсас оқиға жақында Нұр-Сұлтан мәйітханасында болған. Марқұмның мәйітін қателесіп Таразға аттандырып жіберген. Алайда, бұл жағдайда туыстары соңына дейін барып, сотқа жүгінетіндерін мәлімдеді.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия