jasqazaq.kz

Ер адамның киімін киіп, туыстарын тонап кетті

25 қараша 2020, 17:52

Нұр-Сұлтанда әйел адам ер адам болып киініп, туыстарының үйіне кіріп, әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Полицейлердің мәліметінше, 39 жастағы әйел адам туыстары отбасымен үйде болмайтынын алдын ала білген. Сөйтіп үйдің кілтінің тағы біреуін жасап алған.

«Пәтерге кірер алдында бақылау камерасына түсіп қалмауды ойластырған. Оны ешкім танымауы үшін әйел адам ер адам болып киініп, жүрісін өзгерткен.

Туыстары қонаққа кетіп қалған кезде әйел адам ер адамның күртешесі мен бас киімін киіп, басқа киімдерін пакетке салып алған. Ер адам секілді жүріп, үйге қосымша кілт арқылы кірген. Әйел адам жалпы сомасы бір миллион теңге болатын әшекей бұйымдарды алып кеткен», — дейді полиция өкілдері.

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті сыртқа шығып, киімін ауыстырып, ер адамның күртешесін лақтырып жіберген. Ұрланған әшекейлерді ломбардқа 370 мың теңгеге өткізіп жіберген. Үйге келіп, әшекейлерінің жоғалғанын көрген туыстары полицияға шағымданған.

«Жедел-тергеу шарасы кезінде күдікті ұсталып, әйел адам істеген әрекетін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Алтын бұйымдар тәркіленді», — деді ПД өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде