jasqazaq.kz

Ер адамның асқазанынан 25 сантиметр арматура алынды

28 қыркүйек 2020, 21:01

Алматыда ер адамның асқазанында 2,5 жылдай арматура болған. Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

Ол ауруханаға таяуда ғана жүгінген. Жедел жәрдем дәрігерлері үшін денедегі бөтен затты шығару күрделі операция емес. 54 минут ішінде операциялық бригада отаны сәтті жасап шықты.

«Бүгін пациент ауруханаға эпигастрий аймағындағы өткір ауырсыну шағымымен келді. Пациенттің айтуынша, екі жыл бұрын ол тергеу изоляторында болған, сол жерде арматураны жұтып қойған. Рентгенологиялық диагностика нәтижесінде пациенттің сөзі расталып, ер адамға дереу лапаротомия, гастротомия, денедегі бөгде затты алып тастау операциясы жасалынды. Операция сәтті өтіп, науқас палатаға ауыстырылды», — деді №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөлімшесінің хирургі Темірхан Қожахметов.

Дәрігерлер 2 жылдан астам уақыт бойы асқазандағы темір адамға қолайсыздық тудырмағанына таңғалып отыр.

Себебі темір асқазанның қабырғасына зақым келтірмеген. Перфорация және қысым жаралары мұндай жағдайда жиі кездеседі. Перфорация — бұл бөтен дененің асқазан — он екі елі ішектің құрамына еніп, бос іш қуысына енуін айтады.

Операцияны хирург Темірхан Қожахметов пен ассистент Бағлан Мұқашев жасады. Анестезиологтар Дамир Кисебаев және Светлана Уставицкая, операциялық мейірбике Оксана Язовская, санитар Мәдина Камалова қолғасбыс жасады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде