jasqazaq.kz

Ер адамды ұрлап 500 мың теңге талап еткен

19 қазан 2017, 14:17

Полиция қызметкерлері ОҚО-дан келген бес жұмыссыз ер адамды Алматы тұрғынын ұрлады деген күдікпен ұстады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар АІІДБ кезекші бөліміне ер адам ағасының ұрланғаны жайлы және ол үшін белгісіз біреулердің 500 мың теңге көлемінде талап етіп отырғаны және оның дәл сол уақытта қаскөйлерге ақшаны апара жатқаны туралы хабарлаған. «Ұрланған адамның бір туысы 450 мың теңгені қылмыскерлердің біріне берген. Сосын ол аулалар арқылы ізім-ғайып жоғалып еткен. Осы дерекке қатысты жедел ұстау жоспары жарияланып, күдіктілердің барлығы ұсталған. Ұсталған сәтте олардан 450 мың теңге тәркіленген», — деді ІІ өкілдері. Күдіктілердің жасы 21-ден 27-ге дейін. Олар өз кінәсын мойындаған. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы («Адамды ұрлау») бойынша жүргізіліп жатыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде