Қытайда бірнеше ер адам балалардың ойыншығына бола төбелесіп қалды. Бұл жайында ҚазАқпарат хабарлады.
Оқиға Гуандун провинциясындағы Шэньчжэнь қаласында болған. Ересектер арасындағы төбелесті бейнелейтін видеоны Youku порталы жариялаған. Бейнежазбадан бірнеше ер адамның балалар алаңында жаға жыртысып жатқанын байқауға болады. Кейін белгілі болғандай, ер адамдар төбелесіне олардың балаларының ойыншыққа таласып қалуы себеп болған. Біраз уақыт өткеннен кейін сауда орталығының күзетшілері келіп төбелесті тоқтатқан. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
https://www.youtube.com/watch?v=zcjID-giUuk