jasqazaq.kz

Ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасаған

09 желтоқсан 2019, 11:33


Талдықорғанда ер адам жолаушылар автобусына балтамен шабуыл жасады.

Мұндай ақпарат Instagram желісіндегі Тaldykorganec_ka парақшасында жарияланды. Жазба авторының айтуынша, оқиға 6 желтоқсанда таңғы 7:00 шамасында қалаға қарасты Еркін ауылында болған. № 26 мектептің маңындағы аялдамада ер адам балтамен автобустың терезелерін шаққан. Автордың айтуынша, жүргізуші мен жолаушылар зардап шеккен жоқ. © taldykorganec_ka Полиция мәліметінше, ер адам екі күннен соң ұсталған. Құқық қорғау органдарының мамандары тексеру барысында оқиғаның соңғы аялдамада болғанын анықтаған. Бірнеше адам осы оқиғаның куәгері болған.

«Осы суреттер мен ақпарат әлеуметтік желіде таралып кетті. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды сабырға шақырды, осы іске қатысты қылмыстық тергеу шаралары басталған және 8 желтоқсанда Талдықорған полицейлері күдіктінің кім екенін анықтады. Ол қалалық полицияға жеткізілді.

Ол психикалық ауытқуы бар 49 жастағы ер адам, ресми түрде медициналық есепте тұр. Куәгерлер де оны таныды. Балта да табылып, тәркіленді», — деді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері. Сурет Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен. Полицейлердің айтуынша, ер адамның әрекеті қылмысқа жататын болғандықтан, ол өңірлік психоневрологиялық диспансерге жатқызылған.

 Тengrinews.kz 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда