jasqazaq.kz

Ер адам жезөкшенің денесін бір жарым ай бойы сақтаған

03 сәуiр 2019, 15:58

Орал тұрғыны Александр Бештанов ауыр қылмысы үшін 13,5 жылға сотталды. Ол сотта кінәсін жартылай мойындады.

40 жастағы ер адам 25 жастағы жеңіл жүрісті қызбен бірге үйінде ішімдік ішеді. Екеуінің арасында жанжал туады. Қыз одан бірге өткізген уақыты үшін ақысын төлеуді сұрайды. Алайда ер адам одан бас тартады. Тізесімен қыздың бетінен ұрады. Мойнын қысып, 4 минуттай ұстап тұрады. Осы кезде бойжеткен мерт болды. Александр қыздың денесін далаға шығарып өртеп жібереді. Кейіннен матаға орап, өз үйінің дәретханасына тастайды.

Қыздың денесі 1 жарым ай өткен соң табылды. Полицейлер кінәліні таксистің көмегімен тапты. Ол марқұм қызды сол үйге жеткізіп тастаған. Полицейлерге айыпталушы дәретханасын өзі көрсетіп, қыздың денесі барын айтқан.

Айыпталушы қыздың анасына 3,5 млн теңге моральді өтемақы және 415 мың теңге материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

«Менің қызымды хайуандықпен өлтірді. Малға да бұлай жасамайды. Соғыс кезінде де бұлай қинап өлтірмеген. Қандай болса да ол менің қызым. 25 жаста ғана еді. Маған ерік берсе өзін солай өлтірер едім. Адам осынша қинауға бола ма? Оны қатал жазалауды қалаймын», — деп жылады 70 жастағы анасы.

Айыпталушы жәбірленушінің өтемақысын төлеуге шағым түсірмейтінн айтты.
Ал, туыстары оған қатаң жаза берілгенін айтып шағымдануда. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Оған шағым түсіруге болады.

stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда