jasqazaq.kz

Ер адам жас қыз үшін, үш баласын тастап кеткен

20 тамыз 2018, 10:01

Астаналық үш баласы бар ана жас қызға бола өзін тастап кеткен жолдасына деген өкпе-ренішін баяндап берді. Тағдырдың тәлкегіне мойынсұнған ол, енді үш балапанын өз күшімен өсіріп, жеткіземін дейді.

 NUR.KZ   жазғандай, астаналық Әсем (авт. аты-жөні өзгертілді) есімді келіншек осыдан 10 жыл бұрын сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Тату-тәтті өмір сүріп жатқан ол, жолдасының өмірінде басқа жас қыздың келуімен өмірінің астан-кестен шыққанын айтты.

«Сүйген жігітіммен отбасын құрып, үш бала тәрбиелеп отырған қарапайым отбасылардың бірі болатынмын. Бәрі жолдасымның көңілі басқа қызға ауғаннан басталды. Алғашында жай араласамыз, әріптесім деп жүрді. Кейін сол жұмыстағыларымен көп қыдыруды шығарды. Қазір, айтуға да ұят, бірақ сол жас қыз үшін туған балаларынан, менен теріс айналып кетіп қалды. Әрине, бастапқыда қатты қиналдым. Күндіз-түні жылайтынмын. Бірақ жылағанмен не пайда? Міне осы тамыз айында ажырастық. Қазір одан ештеңені талап етпеймін, тек бір мезгіл балаларына уақыт тауып, көңіл бөліп тұрса болғаны»,-дейді келіншек.
Елордалық үш балалы ананың айтуынша, әйел адамдар тек өздеріне ғана сенулері тиіс екен. Себебі, «ерлер бір желөкпе үшін, бір-ақ күнде бүкіл отбасын сата салады» дейді. «Мен ешқашан жолдасымның мойнында отырып, одан ақша сұраған емеспін. Өзімнің тапқан табысым өзіме артығымен жететін. Екеуміз жанталасып жүріп, екі бөлмелі пәтерге қол жеткізген едік. Оны енді балаларына қалдырады деп ойлаймын. Бұрынғы күйеуімнің туыстары да өте жақсы адамдар. Әйелдер қауымына айтарым, жолдастарыңызға сенбеңіздер.
Өз тіршіліктеріңізде жасап, мейлінше оларға қаржылай-материалдық жағынан тәуелсіз болуға тырысыңыздар. Қазір бұрынғы жолдасымнан көңілім қалғаны соншалық, ажырасқаныма тәубе дегеннен басқа айтарым жоқ. Жұмысым бар, білімім бар, үш балапанымды оның қандай да бір көмегінсіз өзім-ақ жеткіземін»,-деп әңгімесін аяқтады келіншек.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді