jasqazaq.kz

Ер адам сүйіктісін тоқтату үшін Алматы-Қостанай бағытындағы пойызға «бомба қойған»

05 қараша 2021, 15:38

Жанжалдан кейін үйден кетіп қалған әйелін тоқтату үшін ер адам «Қостанай-Алматы» бағытындағы пойызға жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама қалдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kstnews.kz порталына сілтеме жасап.

5 қарашада сағат 00:33-де Есіл станциясы келген жолаушылар пойызын шұғыл тексеруге тура келді. Полицияға жарылғыш зат салынғанын туралы ақпарат түсті.

Түнгі уақытта 19 вагонның жолаушылары далаға шығарылды. Ал тәртіп сақшылары пойызды толықтай тексеріп шықты. Әсіресе кішкентай ұлы бар келіншек отырған жерге жан-жақты тінту жасалды. Ол Қостанайға бара жатқан. Тексеріс кезінде жарылғыш зат анықталған жоқ.

«Жолаушы әйелден жауап алынды. Ол осы әрекетке бірге тұратын 22 жастағы ер адам бару мүмкін екенін айтты. Жолға шығардың алдында екеуі ұрсысып қалған», — дейді полицейлер.

Келіншек онымен не туралы хат жазысқанын да көрсетті. Ер адам ұлымен бірге кетіп қалған сүйіктісін қорқытып, пойызды тоқтатуға дейін баратынын жазған.

Полицейлер жарылғыш зат туралы хабар берген адамның нөмірін де бірден анықтаған.

Осы фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол бап бойынша терроризм актiсi туралы жалған хабар бергені үшін бес мың айлық көрсеткіш (14 585 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 5 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеуге, я болмаса, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр