jasqazaq.kz

Ер адам өгей қызын зорлаған: жасөспірімнің анасы кешірім берді

20 шiлде 2018, 18:26

Өгей қызын зорлаған ер адам жасөспірімнің анасының кешірім бергеніне қарамастан 15 жылға сотталды. Үкім Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды, деп хабарлайды Sputnik Устинка LIVE басылымына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, азғын кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасымен сегіз жыл отасқан. Әрі зорланған қыздан бөлек, ерлі-зайыптылардың ортақ екі баласы бар екен.
Тергеу мәліметіне сүйенсек, қылмыс 3 наурызда ер адамның туған күнінде жасалған. Ол әйелімен қонаққа барып, ішімдік ішеді. Әйелі үйде қалған балалары телефонды көтермей уайымдай бастағанда, күйеуі тексеріп келуге кетеді. Сәлден соң жылаудан көзі ісіп кеткен өгей қызымен бірге оралған. Анасының сұрағына, қыз «әкем» зорлады деп жауап беріпті.

Тергеу басталған соң бір айдан кейін зорланған қыздың анасы күйеуім отбасының асыраушысы деп органдардан арызын қайтып алуға тырысады.
Шын мәнісінде, ер адам көлденең келген табысқа күн көріп, жүк көлігін айдайтын көрінеді, ал әйелі ауыл дүкенінде сатушы болып істейді.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындамады. Бірақ сот оны 15 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді