jasqazaq.kz

Ер адам нанның ішінен ыдыс жуатын губка тауып алған (видео)

13 қыркүйек 2019, 14:15


Мәскеу жанындағы елді мекендердің бірінде бөлке нан сатып алған ер адам ішінен ыдыс жуатын губка тауып алған.
«Подмосковье сегодня» хабарлауынша, Чехов тұрғыны бүлінген нанды қайта дүкенге апарған. Дүкен иелері бұндай жайттың бірінші рет болып тұрғанын айтып, ақшасын қайтарып берген.
Ер адам бұл нанды кішкентай бала жеп қойса, не болар еді деп қынжылады.
Ол нанды пісірумен айналысатын фирмаға хабарласып, жағдайды түсіндіріп беруді сұраған.
Өз кезегінде фирма иесі аталмыш фактіге сәйкес қызметтік тексеріс жүргізетінін мәлімдеген.
«Бүгін бізге сондай шағым түсті. Біз ұннан жасалған тағамдарды дайындау процесін қатаң қадағалаймыз және адамдар біздің өнімді алғанына риза болғанын қалаймыз. Біздің тарап нанның ішінде табылған губкаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізетін болады», — деді фирма өкілдері.

baq.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде