jasqazaq.kz

Ер адам мысықтың етінен жасалған бәлішті алты жыл бойы сатып келген (видео)

27 маусым 2018, 18:21

Кения тұрғыны көшедегі мысықтарды ұстап, оларды өлтірген. Сойғаннан кейін оның етін асханалар мен қонақ үйлерге сатыпты. Мыңдаған мысықты құрбан еткен ер адам қамауға алынған деп хабарлайды versia.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сайттың хабарлауынша, ол мұндай сорақылыққа ақша табу мақсатында барған екен.

«Бір уақытта бәліш сатушыларында ет қажеттігі туындады. Сосын мен 2012 жылдан бастап осы іспен айналыса бастадым»,- деді кениялық жігіт.
Сатып алушы азаматтар бәліштің ішінде мысықтың еті барын білмеген. Ол өз тұтынушыларына өзінің тауарын жергілікті қоқыс аумағынан алатынын баяндаған. Ал еттің мысықтікі екені туралы тіс жармаған.

Тұрғындар оны 24 маусым күні мысықты өлтіріп жатқан кезінде ұстап алды. Ашуланған олар жігітке жабылып, өлтіріп тастай жаздаған. Тұрғындардың барлығы осы уақытқа дейін жігіттің арбауына түсіп, мысық еті қосылаған бәліш жеп келді.

«Мысық етін сату заңсыз екенін, шыны керек, білмедім», — дейді жігіт.
Сот оны кінәлі деп танып, 2,5 мың доллар айыппұл төлетумен қатар, 3 жыл бас бостандығынан айырды.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді