jasqazaq.kz

Ер адам екі кейуананы өз үйінде таяқтың астына алған (видео)

16 тамыз 2019, 20:43

Түркістан облысында егде әйел мен оның қызын аяусыз таяқтың астына алған. Бұл туралы аймақтың Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 15 тамызда түнде Келес ауданында болған. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Келесі күні зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді. Кейін ауруханадан полицияға ұрып-соғу туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Келес ауданының тұрғыны жәбірленушінің үйіне кіріп, оның анасы мен өгей шешесіне дене жарақатын салып, қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтады. Қазір полиция қызметкерлері егде жастағы әйелдерге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Аталған факт Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді: 107″ денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру және тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу», — деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталу үстінде. Күдіктіге іздеу жүргізілуде.

Дереккөзі: Тengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда