jasqazaq.kz

Ер адам безеуін сығамын деп, жансақтау бөлімінен бірақ шықты

16 қантар 2021, 14:53

Қытайдың Цзянсу провинциясының тұрғыны иегіндегі безеуді сығып, бір ай бойы жансақтау бөлімінде жатты. Бұл туралы Daily Mail-ге сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

ен есімді ер адам ауруханаға желтоқсанның басында түскен. Ол ернінің астындағы безеуді өздігінен қысып алғаннан кейін қатты ауырып қалғанын айтты. Оның температурасы көтеріліп, тыныс алуы бұзылған, аузы ісінген және қызарған. Шошып кеткен әйелі оны дәрігерге апарды.

Тексеруден кейін дәрігерлер Ченде екі жақты пневмония дамығанын анықтады. Ер адам жансақтау бөліміне жіберілді. Науқас жағдайы тұрақталғанға дейін бір ай қарқынды терапия бөлімінде болды. Ол әлі қарапайым палатаға ауыстырылған жоқ.

Доктор Чжу науқас безеуді шығарғаннан кейін оның ауызына инфекциясы түскенін түсіндірді. Ол тыныс алу жолымен түсіп, өкпенің қабынуына және өкпенің коллапсына әкелді.

Дәрігер безеуді ешқашан өз бетімен ұстамауға шақырды, әсіресе «өлім үшбұрышы» деп аталатын аймаққа қол тигізбеген жөн. Чжу егер бұл аймақтағы безеудің айналасындағы терінің қызаруы, ісінуі немесе ауырсынуы байқалса, дене қызуы көтерілсе, дереу дәрігермен кеңесу керек екенін атап өтті.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия