jasqazaq.kz

Ер адам ауылдасымен жанжалдасып, үйін өртеп жіберген

13 мамыр 2021, 13:08

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны көршілерінің бірімен жанжалдасып, үйін өртеп жіберді.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 мамырға қараған түні М.Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққан. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ: сол күні үй иесі жалғызбасты 52 жастағы әйел танысының үйінде түнеген екен. Ол полицейлерге жуырда таныс адамымен жанжалдасып, оның қоқан-лоқы көрсеткенін айтқан. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де үйдің қасақана өртелгенін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұрын ұрлық жасағаны және ауыр дене жарақаттарын келтіргені үшін сотталған 42 жастағы жергілікті тұрғынның қатысы бары расталды. Аталған факті «Бөтеннің мүлкiн қасақана жою немесе бүлдiру» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. «Ұстау кезінде күдікті мас болған. Ішімдікті шамадан тыс ішу көбіне адамдарды заң бұзуға итермелейді. Күдіктінің айтуынша, аулада тұрған дивандағы жамылғыны өртемек болған, сол үшін оттықты пайдаланған. Аталған факті бойынша барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайын толық және жан-жақты анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», — дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Бимендин.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия