jasqazaq.kz

Ер адам ауруханада шу шығарып, полицейді ұрды (видео)

01 маусым 2021, 10:03

Алматы облысында ер адам дәрігерлерге былапыт сөздер айтып, полиция қызметкерін ұрып-соқты. Бұл туралы  Tengrinews.kz хабарлайды.

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданы ПБ кезекші бөліміне Түрген ауылының 45 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөлімінде медицина қызметкеріне дөрекі сөйлеп, әйнек шаққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына барған учаскелік инспектор онда қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның болғаны анықтады.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкері ер адамнан сабыр сақтауын өтінді, бірақ ол бұл өтінішті елемей, полицейді бетінен себепсіз бір ұрды, содан кейін аулада түрлі соққы жасады, сөйтіп жағдайды пайдаланып белгісіз бағытта қашып кетті», — деді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағы 2-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оны ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ALMATY_KRIS_P|21+🇰🇿 (@almaty_kris_p)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде