jasqazaq.kz

Ер адам ауруханада өз-өзіне қол жұмсады

21 маусым 2019, 16:19

15 маусымда Маңғыстау облысында 1983 жылғы ер адам аурухананың алтыншы қабатынан секіріп кеткен. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодексінің 105-бабы («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды, — деп хабарлайды «Лада» облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Басқарма өкілдерінің мәліметінше, шамамен сағат 10:00-де Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөліміне жедел жәрдем бригадасы бас ауруына және екі санның жарақатына шағымданған № 5 ықшамуданнан келген науқасты жеткізді. Тексеру кезінде пациенттің жалпы жағдайы тұрақты болды. Ер адамның есі түзу, өзін адекват ұстаған. Дәрігерлердің сұрақтарына дұрыс жауап берген. «Жамбасын қарау кезінде ішкі беттерде кесілгені анықталған. Кезекші травматолог және хирург жарақаттарға алғашқы хирургиялық өңдеу шараларын жасады. Содан кейін науқас анализ алу үшін «сары аймаққа» жіберілді. Содан кейін санитармен бірге еріп барған науқса краниографи жүргізу үшін 6-қабатқа көтерілген. Кезекші санитардың айтуынша, науқас осы қабатқа жеткенде белгісіз бағытта қаша жөнелген. Аурухана қызметкерлері аурухана ғимаратында науқасты іздей бастаған, бірақ сәтсіз. Оқиға туралы полицияға хабарланған, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Сағат 14:00 шамасында, ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, аурухана ауласының аумағынан науқастың мәйіті табылған. «Ер адамның мәйіті анықталғаннан кейін біз бұл туралы полицияға қайта хабарладық. Оқиға себептерін полиция қызметкерлері анықтайды», — деді ведомство өкілдері. Осы дерек Ақтау полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде «өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу»бабы бойынша тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Еске салайық, 19 маусымда Ақтау қаласындағы №1 емханасының алтыншы қабатының терезесін сындырып, ер адам өзіне қол жұмсамақ болған. Кейінірек, ер адам психиатриялық есепте тұрып, медициналық мекемеге тексерілуге келгені анықталды.

tengrinews.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда