jasqazaq.kz

Ер адам 8 жасар қызды зорламақ болған

08 ақпан 2019, 11:41

Шығыс Қазақстан облысында 8 жасар қызды зорламақ болған ер адам сот алдында жауап берді. Сот оны 15 жылға бас бостандығынан айырды. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұл туралы YK-news.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданарылық соттың мәліметінше, оқиға өткен жылдың 11 қыркүйегінде Үржар аулында орын алған.

«Мас күйде болған азамат С. 8 жасар қызды айдалаға алып барып, зорламақ болған», – делінеді сот хабарламасында.

Қыздың жанұшыра айқайлаған даусын ауылдастары естіпті. Сол жерге бірден үш ер адам жетіп, ер адамның арам ойын іске асыруына жол бермеді.

«Архат пен Мерхат Жақмановтар және Тоқтарқазы Қайрақөпаевтың қырағылығының арқасында кішкентай бала қорғалды. Ал азамат С. сот алдында жауап берді. Ол 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Және оған маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу және кастрация тағайындалды», – дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, сот төрағасы әкімдікке Жақмановтар мен Қайрақпаевты марапаттауға кеңес берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде