jasqazaq.kz

ЕО Путин мен Лавровқа санкция салды

26 ақпан 2022, 11:24

АҚШ пен Еуроодақ Ресей президенті Владимир Путин мен Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа санкция салды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Еуроодақтың ресми журналында жарияланған құжатта Путин «Әскери операция жүргізуге бұйрық беріп, Ресей қарулы күштері Украинаға шабуыл жасады», Лавров Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі ретінде Ресейдің ДХР мен ЛХР-ды мойындауын қолдады делінген.

Одан бөлек, Еуроодақ тізімінде премьер-министр Михаил Мишустин, Ішкі істер министрі Владимир Колокольцев, Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі Сергей Иванов, қоршаған ортаны қорғау, экология және көлік жөніндегі арнайы өкілі, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев те бар.

Еуропалық Одақ ресейлік компанияларға салған санкциялар тізімін кеңейтті. Қазіргі тізімде «Иркут» корпорациясы, КамАЗ, Ресей темір жолдары, Совкомфлот және Бірлескен кеме жасау корпорациясы, Новороссийскідегі порт, «Сириус» ААҚ, «Станкоинструмент» ААҚ, «Химкомпозит» ААҚ, «Калашник» концерні, Тула қару-жарақ зауыты, «Машина жасау технологиясы», «Алмаз Антей» концерні, Александр ғылыми-зерттеу технологиялық институты, «Аргут»ЖШС т.б. бар.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді