jasqazaq.kz

Энергетикадағы жаңа жобалар

03 желтоқсан 2021, 11:53

Ел экономикасының берік тұғыры болып тұрған мұнай және газ саласында екі ірі жоба іске асады. Бұл 8,6 млрд көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Үкімет сағатында осындай жаңалықты жеткізген энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев аталған жобалардың шикізат емес, дайын өнім шығаруды көздейтінін атап өтті.

Министрдің айтуынша, мұнай- газ-химия саласында бірқатар ірі жобаларды, атап айтқанда, өндіріс пен тұтыну секторына аса қажет полиэтилен және бутадиен өндіру жоспарланып отыр. Елімізде өңдеу өнеркәсібін дамыту жайын баяндаған М.Мырзағалиев полиэтилен өндірісі жобасы бойынша бүгінгі таңда ресейлік «СИБУР» компаниясымен ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол қойылғанын хабарлады. Ал бутадиен жобасы бойынша осы жылдың мамыр айында «Татнефть» компаниясымен стратегиялық серіктес ретінде жобаны бірлесіп іске асыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазір жобаның техникалық-экономикалық дәйектемесін әзірлеу қолға алынды.
Министр мұнай-газ химиясы саласында дайын өнім шығарудың тиімді екенін айта келе, «Бұл жобаларды іске асыру Қазақстан экономикасына шамамен 8,6 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді», – деді.

Айдос Құсайынұлы

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр