jasqazaq.kz

Энергетика вице-министрі ұсталды (видео)

02 наурыз 2018, 14:58

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен Қазақстан Республикасының энергетика министрлігінің лауазымды тұлғаларының қылмыстық іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы Baq.kz-ке сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлайды.

Энергетика вице-министрі Сәдібеков «Аймақ» ЖШС мердігер ұйымының басшысымен қылмыстық келісімде Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлді тазартуға бөлінген аса ірі көлемдегі бюджеттік қаражатты жымқырған.

Сонымен қатар, қылмыс жасауға Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков және мердігерлердің өкілдері С.Жұмалинов және Б. Қадырберлин қатысқан.

Сәдібековпен қол қойылған жалған актілер бойынша Энергетика министрлігімен 2017 жылы көлемі аса арттырылған атқарылған жұмыстарға жалпы сомасы 3,6 млрд теңге төленген. Аталған қаражаттың 1 млрд теңгесі қолма-қол алынған және жымқырылған. Ол қаражат тінту барысында табылып, алынған.

Бұдан бөлек, 2018 жылға көлді тазартуға бөлінген 1,5 млрд ақша қаражатының жымқырылуы тоқтатылды.

Сәдібеков, Нұрбеков, Дуанбек, Жұмалинов және Қадырберлин ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде