jasqazaq.kz

Энергетика министрлігі: Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін

08 қараша 2017, 15:42

Қазақстанда дизель отынының жетіспеушілігі болуы мүмкін. Энергетика министрлігінің хабарламасында осылай делінген, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

7 қарашада энергетика министрі Қанат Бозымбаев жиналыс өткізген болатын. Онда Қазақстандағы үш МӨЗ-дің жөндеу жұмыстары талқыланған еді. «ПМӨЗ бас директоры Шухрат Данбайдың ақпараты бойынша, 10 қарашада Еуро-4 және Еуро-5 жоғары сапалы бензинін үлкен көлемде өндіруге арналған жаңа құрылғы сынақтан өтікізіледі. Дегенмен зауытта дизель отынын өндіруге арналған сутегін өндіретін құрылғы істен шығып отыр. Ал оны жөндеу желтоқсанның ортасына дейін барады. Осыған байланысты дизель отынының жетіспеушілігі туындауы мүмкін», — дейді министрлік өкілдері. Бұл жағдайға байланысты Қанат Бозымбаев зауыт директорына қатаң сөгіс айтты. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басшысы Сауат Мыңбаевтың айтуынша, компания бұл мәселені ресейлік жанармайды сатып алып, өзіне шығын келсе де шешу керек.

Бүгін, 14:41
Тарих тұңғиғы, тағдыр тәлкегі және «ТАЙТҰЯҚ» алтын
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде