jasqazaq.kz

Энергетика министрлігі Қазақстан АЭС салуға қанша қаражат жұмсайтынын айтты

23 ақпан 2022, 15:57

ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда атом электр станциясын салуға шамамен қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Қаражат туралы айтар болсақ, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблок құрылысы шамамен 5 миллиард доллар тұрады.

Бұл халықаралық тәжірибе екенін, атом электр станциясын салудың әлемдік нарығы көрсетіп отырған баға екенін тағы да айтамын. Әрине, дәлірек соманы нақты мердігерді анықтағаннан кейін және келіссөздер барысында ғана анықтауға болады. Бұл көптеген факторға байланысты болып отыр. Бірақ болжамды сома — осы», — деді Қасенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол қаржыландыру көзі келіссөздер барысында пысықталатынын түсіндірді. Өйткені қаржыландыру мен қаражат тартудың түрлі механизмдері бар.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов Қазақстанда АЭС құрылысы 6 халықаралық компанияның ұсынысымен зерттеліп жатқанын хабарлаған болатын.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық