jasqazaq.kz

Энергетика министрлігі: Біз жағдайдың осылай болатынын білдік

09 қазан 2017, 19:00

АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы қыркүйек айында басталды. Біз жағдайдың осылай болатынын білдік. Себебі Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуде болатын. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифингте дың осыла Әсет Мағауов айтты, –  деп хабарлайды Baq.kz.

Вице-министр еліміздегі бензин тапшылығын мұнай өңдеу зауыттарының жөндеуге байланысты жабылуымен байланыстырды.  «АИ-92 маркалы бензиннің тапшылығы қыркүйек айында басталған. Біз жағдайдың осылай болатынын білдік. Себебі Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуде болатын. Сондықтан АИ-92 бензинінің өндірісі төмендейтінін болжадық. Сондай-ақ, 20 қыркүйекте Атырау мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуден өткен соң, кезек Павлодар мұнай өңдеу зауытына келді. Біз аталған зауыттардағы күрделі жөндеуді келесі жылға қалдыра алмадық. Өйткені, күрделі жөндеу аясында аталған кәсіпорындар жаңғыртудан өтеді», –  деді ол.

Мағауов халық ең көп тұтынатын бензиннің тапшылығын жою үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.  «АИ-92 бензинінің өндірісін ұлғайту үшін біз, керісінше, АИ-95,98 маркалы бензиннің өндірісін төмендеттік. Сөйтіп Атырау мұндай өңдеу зауытында АИ-92 маркалы бензиннің өндірісін ұлғайттық. Шымкент мұнай өңдеу зауытында қыркүйек-қараша айларында жанар-жағармай өндірісін 110 мың тоннаға арттырдық. Сондықтан 40-50 мың тонна қосымша бензин аламыз. Ал Павлодар мұнай өңдеу зауыты жаңғыртудан өтіп жатыр. Кәсіпорын, жоспарға сәйкес, жазда күрделі жөндеуден өтуі керек болған. Бірақ құралғылар уақытында қойылмады. Сондықтан зауыт күзде күрделі жөндеуге жабылды. Егер біз жұмысты жазда бітіргенде, ол зауыттан қосымша 40-50 тонна жанар-жағармай алатын едік», –  деді Әсет Мағауов.

Оның айтуынша, Қазақстандағы жанар-жағармай тапшылығына қосымша факторлар әсер еткен.

«Жазда бізде жанар-жағармай қоры қалыпты деңгейде болатын. Алайда кейбір факторлар да ықпал етті. Ресейден импортталатын бензинге шектеу қойылды. Сіздер білесіздер, біз Ресеймен бір нарықтамыз», –  деді вице-министр.

Әсет Мағауовтың айтуынша, еліміздегі бензин бағасы Ресейдегі жанар-жағармай бағасы мен теңгенің долларға шаққандағы бағамына тәуелді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде