jasqazaq.kz

Энергетик сусындардың қандай зияны бар?

06 қыркүйек 2021, 11:37

Диетолог энергетикалық сусындарды күнделікті тұтынудың ағзаға әсерін түсіндірді.

Маманның айтуынша, энергетиктің құрамында ынталандыратын заттардың жоғары дозалары бар: кофеин, гуарана, женьшень, таурин дегендей. Мұндай сусындардың әсері үш-төрт сағатқа созылып, одан кейін өте қатты шаршау байқалады.

Энергетиктің күші кеткен соң, асып-тасыған күш-қуаттың орнын демде әлсіздік алмастырады. Ал, қуаттандырушы әсер, негізінен, дененің ішкі қорларының есебінен қамтамасыз етіледі.

Энергетикті бір рет қана ішу қауіпсіз, бірақ оны күнделікті тұтынатын болсаңыз, мұның ақыры жүйке жүйесіндегі проблемаларға әкеліп соғады: депрессия мен күйгелектік, пессимизм бой көтереді, — дейді диетолог Ольга Кораблева РИА Новости-ге берген сұхбатында.

«Энергетиктер жүрек бұлшық етініне салмақ түсіреді, сондықтан оны кофеинмен, алкогольмен араластырмаңыз. Ауыр физикалық жұмыстан соң және спорттық жаттығулардан кейін қолдануға болмайды, — дейді дәрігер.

Энергетиктерді басы-көзіне қарамай, жөнсіз тұтыну қан қысымының жоғарылауына, бас сақинасының пайда болуына, жүрек ырғағының бұзылуына және асқазан-ішек жолдарының проблемаларына әкеліп соғуы мүмкін. Газдалған сусынды көп мөлшерде ішу асқазанның қышқылдығын жоғарылатып, іштің кебуі мен диареяны тудыруы мүмкін, деп ескертеді маман.

zakon.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде